Online Library TheLib.net » Жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі
cover of the book Жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі

Ebook: Жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі

00
13.02.2024
0
0
7 миллионнан астам сөзқолданысы бар мəтіндік (тілдік) база негізінде жасалған «Жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі» – мемлекеттік тілді оқытуда, əсіресе оқулықтарды, оқу құралдары, оқу сөздіктерін, тілдік (лексикалық, грамматикалық) минимумдарды жасауда бірден-бір қажетті құрал. Сөздіктің тілдік базасы оқушының мектепті бітіргенше күнделікті қоғамдық жəне тұрмыстық өмірінде коммуникацияға түсетін түрлі дискурстағы мəтіндерден құралды. Сөздікте қазақ тілінің бес стилінен (ғылыми, көркем əдебиет, публицистикалық, ресми-іскери, сөйлеу) жəне əртүрлі стиль мəтіндері қамтылған, бірақ статистикасы жеке шығарылмаған аралас мəтін базасынан алынған 36265 сөзден тұратын сөзтізбенің жиілігі көрсетілді. Əрбір стиль, сөз табы бойынша да сөзтізбе жеке алынып, жиілігі берілді. Тұңғыш рет 1000-нан астам грамматикалық омоним мен омографтардың жиілігі ажыратылды. Сонымен бірге алғаш рет сөзтізбесі 250 000 түрленімге жуық сөзформалардың жиілік сөздігі жасалды. Сонымен, жалпы жиілік, стильдер бойынша үлестірім жиілік, əрбір стильдің жеке жилігі мен əр сөз табының жеке жиілігі, сол сияқты сөзформалардың жиілігі үш түрлі құрылымда: əліпбилі-жиілік, жиілікті-əліпбилі жəне керіəліпбилі-жиілік түрінде жасалып, пайдаланушылардың назарына ұсынылып отыр. Бұлардың ішінде негізсөз сөзтізбесіне негізделген «Стильдер бойынша үлестірілім əліпбилі-жиілікті сөздік» пен бір топ сөздің мəтінді қамту пайызы көрсетілген «Жалпы жиілікті-əліпбилі сөздік» кітап түрінде қағаз нұсқада, сөздіктің аталған басқа 59 түрленімі кітапқа қосымша DVD дискіде электронды нұсқада берілді.

Сөздік көпшілік қауымға – білім, оқу-ағарту, оқушы жастарға, ғылым, баспасөз саласы мамандарына, ана тілін терең білуге, қазақ тілін үйренуге талпынған барша оқырманға арналады
Download the book Жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі for free or read online
Read Download
Continue reading on any device:
QR code
Last viewed books
Related books
Comments (0)
reload, if the code cannot be seen