Online Library TheLib.net » Салыстырмалылық теориясының мағынасы: оқу құралы
cover of the book Салыстырмалылық теориясының мағынасы: оқу құралы

Ebook: Салыстырмалылық теориясының мағынасы: оқу құралы

00
07.02.2024
0
0
Салыстырмалылық теориясының көмегінсіз атом, атом ядросы мен ғарыштық сәулелердегі процестерді түсіну мүмкін болмайды. Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы негізінде ұсынған энергия мен массаның арасындағы байланысты көрсететін Е = mc2 өрнегі ядро ішіндегі энергияның қолданылуына қатысты көптеген мәселелерде шешуші рөл атқарады. Зарядталған бөлшектердің заманауи үдеткіштерінің де жұмыс істеу принципі салыстырмалылық теориясына негізделген. Соңғы жылдары салыстырмалылық теориясы тәжірибелерде, ал оның формулалары инженерлік есептеулерде қолданыс тапты. 1916 жылы Эйнштейн ұсынған жалпы салыстырмалылық теориясы арнайы салыстырмалылық теориясын жалпылай отырып, тартылыс жөніндегі ілімнің бастауы болды. Сонымен бірге жалпы салыстырмалылық теориясының ұйғарымдары астрономиялық бақылауларда дәлелдене отырып, космогонияда маңызды орын алды. Ұсынылып отырған оқу құралында арнайы салыстырмалылық теориясының алғышарттары мен негізгі қорытындылары баяндалады. Бұл еңбекті физика-техникалық факультетінде оқитын студенттер, магистранттар мен докторанттар және оқытушылар пайдалана алады.
Download the book Салыстырмалылық теориясының мағынасы: оқу құралы for free or read online
Read Download
Continue reading on any device:
QR code
Last viewed books
Related books
Comments (0)
reload, if the code cannot be seen